- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Халықаралық қауымдастық терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіруі қажет
Қ.Тоқаев: Халықаралық қауымдастық терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіруі қажет
Басылымда Қазақстан Республикасы Президентінің конференцияға қатысушыларға үндеуі, мәртебелі меймандар мен шараға қатысушылардың сөздері, сондай-ақ Қорытынды мәлімдеменің мәтіні бар.
Басылымның кіріспе сөзінде Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың терроризмге қарсы әлемді елең еткізген бірқатар ұсыныстары жария етілген маңызды сөзінен кейін осы форумды шақыру идеясы туындағанына назар аударды. Өрістеген пікірсайыстың ерекшелігі туралы айта келіп Қ.Тоқаев: «Діни қайраткерлердің террормен күрестегі негізгі рөлін айқындаумен қатар конференцияда антитеррористік қызметтің парламенттік өлшемін нығайту да көзделді. Халықаралық қауымдастық терроризмге қарсы іс-қимылды құқықтық тұрғыдан жетілдіріп, осы қатерге қарсы күресте парламенттік дипломатия әлеуетін іске қосуы қажет», - деп атап өтті.
Мүдделі пікіралмасу барысында экстремизм мен терроризмнің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іс жүзіндегі қадамдардың ауқымды салалары талқыланды. Конференцияға қатысушылардың пікірлерін қорытындылай келіп Қ.Тоқаев жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайы, білім, мәдениет, бала тәрбиесі, діни сауаттылық, құқық үстемдігі, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде әдеп қағидаларын сақтау мәселелері қамтылған кешенді шаралар қажет екенін атап өтті.
Конференция материалдары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді. БАӘ Парламенті Төрағасының, Ресей, Әзербайжан заң шығару органдары төрағалары орынбасарларының, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Ауғанстан және басқа мемлекеттер парламенттері депутаттарының, ЕКПА, ЕҚЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ секілді құрылымдардың басшылары мен жетекші мамандарының мазмұнды баяндамалары оқырмандардың ықыласын туғызады.
Ислам, христиан, буддизм және басқа да діндер қайраткерлерінің сөздерінен терроризм зұлматына діни тұрғыда қарсы тұрудағы маңызды идеяларды табуға болады.
Кітап халықаралық ұйымдарға, біздің еліміздегі және шет елдердегі діни және қоғам қайраткерлеріне, саясаткерлер мен сарапшыларға таратылатын болады.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары