- Басты
- Жаңалықтар
- М.Құл-Мұхаммед: Қазақстан 25 жыл ішінде күшті әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды
М.Құл-Мұхаммед: Қазақстан 25 жыл ішінде күшті әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналды
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары жасалған жұмыс туралы есепті тыңдап, келешектегі басым бағыттарды айқындап берді.
«Елбасымыз бүгінде бүкіл әлем таныған әсем Астанамызды салып, оны дүние жүзіне жарқырата көрсетті. Астана бүкіл өңірлеріміз үшін дамудың даңғылына айналды. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының астаналық филиалы Елбасымыздың бағдарламалары мен стратегиялық курсын орындауда облыстық партия ұйымдары үшін үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл, әсіресе, миллиондаған EXPO қонақтарын қарсы алу кезінде ерекше мәнге ие», – деп атап өтті партия Төрағасының Бірінші орынбасары.
Бүгінгі таңда «Нұр Отанның» астаналық филиалы 350 бастауыш партия ұйымының басын біріктіреді. Соңғы екі жылда Астана қаласында жетекші саяси партия мүшелерінің саны 12195-тен 45501 адамға дейін артты.
Филиал жұмысының басым бағыттары: Бес институционалдық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру, партияның сайлауалды бағдарламасы мен Төрағаның тапсырмаларын орындау, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалау және қоғамдық қабылдау арқылы халыққа көмек көрсету.
2015-2016 жылдары 5 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп, 400 мыңнан аса адам қамтылды. Соның ішінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында қабылданған заңды түсіндіру жұмыстары бойынша 80 мыңнан астам адамның қатысуымен 463 кездесу ұйымдастырылды.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды тұрақты бақылау мақсатында қалалық мәслихаттағы партия фракциясы жанынан төрт инспекциялық комиссия құрылды. Олар бүгінге дейін Астанадағы құрылыс нысандарын аралап, 22 рейд жүргізді.
Партияның астаналық қоғамдық қабылдау бөлмесіне соңғы екі жылдың ішінде 26 мыңнан астам азамат көмек сұрап келді. Олардың 38 пайызының мәселесі сол жерде оң шешімін тапты. Қалғандары тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, партиялық бақылауға алынды.
2016 жылы мемлекеттік органдардың жетекшілері мен Мәжіліс және мәслихат депутаттары Астана қаласы бойынша 433 қоғамдық қабылдау өткізді.
Есептік-сайлау конференциясында таяуда Қазақстан Парламенті қабылдаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы декларациясына ерекше көңіл бөлінді.
Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасымыз ширек ғасырда Қазақстанды қуатты, біртұтас, қарқынды дамыған мемлекетке айналдырғанын тілге тиек етті.
«Қазіргі таңда Елбасымыз алдымызға Бес институционалдық реформа, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Нұрлы Жол», индустриалды-инновациялық бағдарламасы, әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу сияқты жаңа ауқымды міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. «Нұр Отан» партиясының басты міндеті – Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу сапасына қатаң әрі тұрақты бақылау орнату», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі