- Басты
- Жаңалықтар
- АҚШ сарапшысы Қазақстанның дамуына болжам жасады
АҚШ сарапшысы Қазақстанның дамуына болжам жасады
«Қазақстан өз егемендігінің 25 жылы ішінде ұзақ жолдан өтті. Ел басшылығы айтарлықтай экономикалық дамуды, тұрақтылықты, бекітілген егеменділікті және «Қазақстан» брендіне халықаралық аренада құрметпен қарауды атап өте алады. 25 жылға алға көз салатын болсақ, қазақстандық билік елді әлемдегі ең дамыған мемлекеттердің біріне айналдыру бойынша өршіл тұжырымдама қалыптастырған. Алдағы уақытта ескі проблемалар кездесіп, жаңа проблемалардың пайда болатыны анық. Қазақстан өзінің одан әрі даму бағдарламасына кірісе отыра, бірнеше маңызды әлеуметтік, экономикалық, саяси және халықаралық шындықтармен кездеседі», - деді Ф. Старр.
Сарапшының қорытындылауы бойынша, Қазақстанның халқы алдағы 25 жыл ішінде 20%-ға өседі, алайда, біреудің асырауындағы адамдардың еңбекке қабілетті халыққа арақатынасы екі есе артады, бұл одан әрі экономикалық дамуды талап етеді. Тұрақты экономикалық өсу қалалану үрдісін одан әрі жылдамдатуға ықпал етеді және 2041 жылға қарай халықтың 70%-ы қалалық жерлерде тұра алады.
Бұдан бөлек, Ф. Старрдың айтуы бойынша, Қазақстанның ақпараттық саласы оның халықаралық қатынастарына қарағанда айтарлықтай оқшауланған болып қалады және Ресей қатардағы азамат үшін негізгі сыртқы ақпарат көзі болмақ.
Сарапшы өз баяндамасында Қазақстанның интеграциялық жолдарына көп көңіл бөлді.
«Қазақстанның және Орталық Азияның қалған бөлігінің Қытай мен Үндістанды Еуропамен қосатын құрлықтағы көпір ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету үшін, Қазақстан 2013 жылы Қазақстан және Өзбекстан Президенттері қол қойған Стратегиялық әріптестік туралы шартты негізге ала отырып, барлық деңгейде өзара іс-қимыл жасауды және ішкі өңірлік байланыстарды нығайтуы тиіс», - деп атап өтті шетелдік сарапшы.
Сонымен қатар, зерттеуші бірқатар қорытындылар бойынша кейінгі кезеңде 2041 жылға дейін Қазақстан және оның өңірі жаһандануға, сондай-ақ оған қатысы бар қарсы ағымдарға едәуір ұшырайтынын болжады.
Ботагөз Айтжанова
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
А. Цой: Тамыз-қыркүйек айларындағы эпиджағдайға болжам жасады -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы