- Басты
- Жаңалықтар
- Мерзімді қызметтегі 2500 әскери қызметшілер әскери ант қабылдады (ФОТО)
Мерзімді қызметтегі 2500 әскери қызметшілер әскери ант қабылдады (ФОТО)
Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанның барлық әскери гарнизондарында 2016 жылдың күзінде шақырылған 2500-ден аса жас сарбаз туған-туысқандары, командирлері, Ұлы Отан соғысы, локальді шиеленіс және ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері алдында Отанға адал болуға ант берді. Салтанатты шараға 5000-нан аса адам қатысты.
Қонақтардың назарына қоян-қолтық ұрыс бойынша әскери қызметшілердің көрсетпелі көрсетілімдері, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдердің элементтері ұсынылды. Жас сарбаздардың туысқандары мен меймандар олардың қызмет өткеру жағдайы және тұрмыстарымен танысып, сонымен қатар, бөлім командирлерімен кездесулер ұйымдастырылды.
Әскери ант – бұл нағыз әскери қызмет пен Отанға адал қызмет етуден басталатын ерекше әскери жөн-жоралғы және шақырылушы үшін маңызды әрі жауапты сәт екенін айта кетейік. Әскери ант әскери қызметшілерден әскери қызмет міндеттерін мінсіз орындауды, оған сеніп тапсырылған қару мен жауынгерлік техниканы шебер қолдануды талап етеді.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу жылы басталады.
-
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Карантин жағдайында Құрбан айт қалай атап өтіледі