- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Қазақстанның қарқынды дамуы Ұлт көшбасшысының идеяларын қамтамасыз етті
Н.Нығматулин: Қазақстанның қарқынды дамуы Ұлт көшбасшысының идеяларын қамтамасыз етті
«Бүгінгі конференция тақырыбының өзі «Тәуелсіздіктің 25-жылдығы: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі» деп аталады. Еліміздің тәуелсіздігінің толық кезеңін бағалай отыра, тарихи өлшеммен алғанда осындай қысқа уақыт ішінде, ал бұл ширек ғасыр ғана, біздің еліміз өзінің көшбасшысы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен орасан зор жетістіктерге, салтанатты жеңістерге жеткенін ешбір күмәнсіз айтуға болады, мұны барлық қазақстандықтар мақтан тұтады. Дүниежүзі тарихында қысқа уақыт ішінде мемлекеттің осындай сәтті әрі қарқынды қалыптасуының мысалдары көп емес», - деді Н. Нығматулин.
Н. Нығматулин Қазақстан Президентінің басшылығымен ұлттық экономиканың қарқынды дамуы үшін құқықтық база қалыптасқанын атап өтті.
«Қазақстан «Шетелдік инвестициялар туралы» және «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңдарын кеңес үкіметінен кейінгі елдердің ішінде бірінші болып қабылдады. Бұл біздің елімізге әлемнің ең қарқынды экономикаларының үштігіне кіруге мүмкіндік берді, ал тікелей инвестициялар ағымы 25 жыл ішінде 260 млрд доллардан асты», - деп қосты Н. Нығматулин.
Мәжіліс Спикері ең маңызды жетістіктердің арасынан Ұлттық қор құруды, еңбек өнімділігінің өсуін, өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 10 есе өсуін, еңбекақының 17 есе өсуін, сондай-ақ, 2 млн астам жұмыс орнының ашылуын атап өтті.
Мәжіліс Төрағасы 25 жыл ішінде Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін елдің қарқынды дамуының негізгі кепілі болып табылатынын атап өтті, себебі Президенттің идеялары Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның гүлденуін қамтамасыз етуде.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы