- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да Алакөл көлінің жағалауын абаттандыруға 500 млн теңге бөлінбек (ФОТО)
ШҚО-да Алакөл көлінің жағалауын абаттандыруға 500 млн теңге бөлінбек (ФОТО)
Бұл қаражатқа келесі жылы көлге апаратын жолдарды жөндеу, жағалауды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, спорт және ойын алаңдары салынады. Бұдан бөлек, автовокзал аумағы абаттандырылып, көлік тұрағы ашылады, деп хабарлады ШҚО Ақпарат орталығы.
Өңір басшысы Даниал Ахметов Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамытуды өз бақылауына алды. Оның тапсырмасы бойынша құрылған жұмыс тобы санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігі талаптарының көптеген бұзушылықтарын анықтады. Бұдан бөлек, 80 нысан бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бұзушылықтар анықталған.
«Тексеруден кейін Үржар ауданының әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында меморандумдарға қол қойылды, оларға сәйкес, анықталған бұзушылықтар келесі маусымның басына дейін жойылуы тиіс. Сондай-ақ кәсіпкерлер барлық нысандардың аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізеді. Осының барлығы демалушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталады», - делінген хабарламада.
Жағалау проблемаларын кешенді шешу үшін облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тиісті инфрақұрылымы бар демалыс аймағын абаттандыру жобасы әзірленген.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған