- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мамин Ашхабадта өткен Тұрақты көлік бойынша жаһандық конференцияға қатысты
А.Мамин Ашхабадта өткен Тұрақты көлік бойынша жаһандық конференцияға қатысты
А. Мамин өңірдің әлем мұхиттары мен халықаралық теңіз жолдарына шығу мүмкіндігі жоқ, экономикалық даму елдері тұрғысынан алғандағы тұрақты көлік тақырыбының маңыздылығын атап өтті.
«Сауда ағындарын заманауи логистикалық инфрақұрылыммен және жеткізудің жылдамдығы мен бағасы жағынан сапалы қызметімен қамтамасыз ету – транзиттік дәліздердің қатысушы елдеріне жаңа нарықтарды игеріп, жүк ағынын тартуға мүмкіндік береді», - деді А. Мамин.
Оның айтуынша, БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясы аясында қабылданған тұрақты даму мақсаттары, соның ішінде тұрақты сипаттағы транзиттік және көлік инфрақұрылымын құру жаһандық дамудың маңызды қарқыны болып табылады.
«Қазақстан өңірдің логистикалық инфрақұрылымын жетілдіруге және дамуына айтарлықтай үлесін қосуда», - деді А. Мамин.
Жаһандық конференцияға қатысу аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің қабылдауында болды.
Тараптар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты қазақстандық-түркімендік қарым-қатынастарды дамытудағы, мемлекетаралық байланыстардың барлық салаларындағы ынтымақтастықты нығайтудағы рөлі мен маңыздылығын баса айтты.
Кездесу барысында Қазақстан-Түркіменстан-Иран жаңа теміржол магистралі маңызды бөлігі болып табылатын «Солтүстік-Оңтүстік» теміржол дәлізін дамыту перспективаларын талқылады. 2014 жылғы желтоқсанда Қазақстан, Түркіменстан және Иран Президенттері үш мемлекетті жалғайтын Өзен–Берекет–Горган теміржол магистралін ашты.
Тараптар бұл халықаралық магистральдің өңірдің экономикасын дамытудағы, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың гүлденуі және оны нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.
Бұдан өзге, газ, трансшекаралық суды пайдалану саласындағы қазақстандық-түркіменстандық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасу өтті.
А. Мамин алдағы ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне қатысатындығы үшін түркімен тарапына алғыс айтты.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру