- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтеді
Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Халықаралық конференция өтеді
Конференцияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл: Нәтижелер. Жетістіктер. Келешек көкжиегі», деп хабарлады ҚР СІМ.
Конференция жұмысына қазақтандық және Ресейдің, Түркияның, Финляндияның басқа да бірқатар елдердің Парламент депутаттары, мүдделі министрлік өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысады.
Маңызды жиында Парламент Мәжілісінің Төрағасы Н. Нығматулин сөз сөйлейді деп күтілуде. Конференция үш сессияны қамтиды. Шарада Қазақстандағы экономикалық және саяси реформалардың негізгі нәтижелерін, мемлекеттің әлемдік саясаттағы орнын, сондай-ақ, әлеуметтік және экономикалық салалардағы, ішкі және сыртқы саясаттағы ел дамуына әсер ете алатын ауқымды сұрақтарды талқылау көзделген.
Конференция барысында Қауіпсіздік пен даму мәселелерін зерттеу институты (ISDP, Стокгольм) мен Джонс Хопкинс Университетінің Орталық Азия және Кавказ жөніндегі Институтының (CACI, Вашингтон) аға сарапшыларының «Қазақстан 2041: Келесі 25 жылға арналған сценарийлер» (Kazakhstan 2041: Scenarios for the Next 25 Years) тақырыбындағы бірлескен баяндамасын ұсынулары жоспарланған.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»