- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда қызуы көп тозаңсыз көмір шығарылады
Павлодарда қызуы көп тозаңсыз көмір шығарылады
Зауытта Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтар орнатылған. Бұл жабдықтарда жылуды кәдуілгі көмірге қарағанда 4-5 есе беретін және оны 8 сағатқа дейін сақтайтын көмірдің екі түрі шығарылады. Жеке үйлердің қарапайым пештеріне арналған «Сотан» маркалы көмір 24 келілік қаптарға брикеттелген.
Ал 3 келілік брикеттерге қапталған «Елтан» көмірі тек Оңтүстік Кореяда шығарылатын қазандықтарға арналған. Айта кету керек, аймақ басшысы осындай 100 қазандықты ауылдық аймақтарда тұратын аз қамтылған отбасыларға беруді тапсырды.
"Ауыл тұрғындары мұндай көмірдің артықшылықтарын білулері керек. Тұрғындар сіздердің өнімдеріңізге жарнаманы өздері жасауы керек", - деді ол кәсіпорын басшыларына.
«Убунту» ЖШС-ің құрылтайшыларының бірі Асанов Бауыржанның айтуынша зауыттың өнімі жеке үйлердің пештеріне ғана емес, өндірістік қазандықтардың пештеріне де жарайды. Қазіргі кездің өзінде зауыт иелері жергілікті кәсіпорынның бірімен брикеттелген көмірді сатып алу бойынша алдын ала келісімшарт жасасқан.
230 миллион теңге көлеміндегі жеке инвестицияларға салынған зауыт әр ауысым сайын 90 тонна брикеттелген көмір шығара алады. Кәсіпорындағы 18 жұмысшының орташа жалақысы 80 мың теңгені құрайды. "Убунту" ЖШС болашақта Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қазандықтар шығаруды жоспарлап отыр.
-
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Қаңтар айында көпбалалы аналар 22,5 млн теңгеге жәрдемақы алды -
Судья: Жаңа Кодекске сәйкес азаматтар Сотта көп жағдайда жеңіп шығады -
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Алматыдағы эпиджағдай: Тұрақтандыру қорында 8 млн дәрі-дәрмек бар, 3 көпсалалы клиника салынбақ -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп -
Коронавирустан жоғалған иіс пен дәм сезуі қалпына келмеген адам көп – терапевт