- Басты
- Жаңалықтар
- Алжир «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды
Алжир «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы шартқа қол қойды
25 Қараша, 2016 19:53
«ЭКСПО-2017» комиссары Рапиль Жошыбаев Алжир Халықтық Демократиялық Республикасына (АХДР) сапармен барды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Сапар барысында АХДР мемлекеттік министрі – сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Рамтан Ламамрамен және Алжирдің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы үшін жауапты Ұлттық секция комиссары – АХДР Премьер-министрі істеріндегі сенімді өкілі Мустафа Шакиб Халифпен кездесулер өткізілді.
Алжирдің сыртқы саяси ведомствосында кездесуде Р. Жошыбаев және Р. Ламамра екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Дипломаттар Астана мен Алжирдің негізгі халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша позицияларының жақындығын атап өтті.
Кездесу қорытындылары бойынша Р. Жошыбаев және М. Халиф алжир тарапының «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойды.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды