- Басты
- ХКБ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады (ФОТО)
ХКБ ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады (ФОТО)

Ұлттық компания басшысы өз сөзінде көрмеге дайындық барысымен таныстырып, алдағы кезеңдегі компания жоспары туралы айтып өтті.
Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын 106 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым растады. 103 секция Комиссарлары тағайындалды, 89 қатысу келісімшартына қол қойылды. Ұлттық күнді өткізуге арналған 93 күннің 67-сі бекітіліп қойды. Дамушы мемлекеттерге қолдау көрсету бойынша жұмыстар жасалып жатыр.
Ұлы жібек жолындағы мемлекеттер, Египет, халықаралық ұйымдар, Кариб қауымдастығы, Африка, Тынық мұхиты мемлекеттеріне техникалық сессиялар өткізілді. Павильондар дизайны, қатысу тұжырымдамасы және тағы да басқа ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. Көрме қатысушылары мен қонақтары мемлекеттік органдар қызметін жылдам әрі ыңғайлы формада ала алуы үшін бірегей қызмет көрсету орталығы ашылды. Бір аптадан кейін, 2016 жылдың 1 желтоқсанында бірегей қызмет көрсету орталығы жұмысын бастайтын болады.
Құрылыс жұмыстары бойынша, Басқарма Төрағасының сөзінше, кестеге сәйкес атқарылып жатыр. 90 пайызы аяқталды.
«Алғашқы 5 мемлекет өз павильондарын алды. Осы сәтті пайдалана отырып, қатысушыларды инсталляциялық жұмыстарды тездетіп бастауға шақырамын. Павильондар Сіздердің толық құзыреттеріңізде. Сондай-ақ, ЭКСПО қалашық құрылысы аяқталды. Біз қонақтарды қабылдауға дайынбыз. Қазіргі уақытта 360 пәтер бекітіліп, басқа мемлекеттерден тапсырыс күтудеміз», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.
Сонымен қатар, ұлттық компания басшысы көрме контентіне тоқталды, «Қазақстан» павильоны мен Үздік тәжірибелер аймағы туралы айтты. Атап өту керек, халықаралық байқау жарияланып, 25 мемлекеттен 133 өтінімдер келіп түсті. Халықаралық іріктеу комиссиясы оның 24 үздік жобаны таңдап алды.
«Бұл павильон кәсіби қатысушылардан басқа көрме келушілерінің әрбірі үшін қызықты болатындығына күмән жоқ», - деді ұлттық компания басшысы.
Халықаралық Көрмелер Бюросының мүшелері ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты жоғары бағалады.
«Мейлінше әдемі, қызықты павильондары бар жақсы көрме ұйымдастырып, Қазақстан мен оның азаматтарын ілгерулету – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Астанаға әлемнің түкір-түкпірінен жиналған қонақтар үш жаңалық ашатын болады – Қазақстан, шын мәнінде тамаша мемлекет, Астана, жайлау ортасындағы ғажайып және сәтті өтетіндігіне сенім білдіретін ЭКСПО-2017 көрмесі», - деді Халақыралық Көрмелер Бюросының Бас Хатшысы Висенте Лоссерталес.
Сондай-ақ, ХКБ Ассамблеясында аталғандай, 2017 жылдың 1 қаңтарында Экономикалық серіктестік және даму ұйымы мемлекеттері, Малайзия, Монако, ОАЭ, Сингапур, Литва, Мальта, Болгария, Румыния, Кипр мемлекеттері үшін визасыз режим іске қосылатын болады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов айтты.
-
COVID-19: Италияда "Спутник V" жоғары бағаланды, Британияда коронавирустың жаңа вариациясы табылды
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сарапшылар пікірі: «Саяси реформа жасалып, халықтың уәжі жоғары жаққа жетуі тиіс»
-
Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде өзгеріс көп
-
Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады
-
Жоғары Сот судьясы: Соңғы кезде судъяларға қоғамдық қысым күшейді
-
Коронавирустың екінші толқыны: Үкімет дайындықты күшейтті
-
Жоғары оқу орындарындағы білім сапасы талқыланды
-
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды
-
Дағдарыс кезінде жоғары бiлiм беруді дамыту. БҒМ жоспары қандай
-
ІІМ барлық өңірлерде дәрі-дәрмек құнының жоғарылауына байланысты полиция рейдтерін өткізуде
-
Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирустың белгісі көрінбегенімен, жұғу ықтималдығы жоғары
-
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)
-
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО)

