Каспий теңізі халықаралық транзит тарту орталығына айналып келеді – ҚТЖ

25 Қараша, 2016 19:14
Каспий халықаралық транзит тарту орталығына айналып келеді, деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Санжар Елубаев Баку қаласында өткен «Стратегиялық әріптестік 1520: Каспий өңірі» атты теміржол бизнес форумы аясындағы пікірталас барысында.

«Қазіргі жағдайларда Еуразиялық континенттің ең ірі нарықтары арасындағы халықаралық сауданы қамтамасыз ету үшін трансконтиненттік тасымалдарды оңтайландыру мәселесі басым мәселелердің бірі. Осы ретте, Каспий теңізі Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарындағы байланыстырушы буын болып табылады және трансконтиненттік байланыстар жүйесінде маңызды рөл атқарады», - деп атап өтті Санжар Елубаев.

Компанияның вице-президенті «ҚТЖ» ҰК» АҚ қабылдап жатқан каспий маңы инфрақұрылымы мен флотын дамыту бойынша шаралар туралы айтып өтті.

Өз сөзінің соңында ол мультимодальдық трансконтиненттік тасымалдарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ клиенттер үшін тартымды бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелерді қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту қажеттілігін атап өтті. 

Барлық жаңалықтар