- Басты
- Жаңалықтар
- Асқар Мамин: Құрық портының паром кешені ҚР экономикасының экспорттық-транзиттік әлеуетін едәуір нығайтады
Асқар Мамин: Құрық портының паром кешені ҚР экономикасының экспорттық-транзиттік әлеуетін едәуір нығайтады
Рrimeminister.kz хабарлағандай, ҚР бірінші вице-премьеріне Құрық портының алғашқы іске қосу кешені нысандарының қорытындылаушы кезеңі туралы мәлімет берілді.
Ерсай стансасынан бастап Құрық портына дейін ұзындығы 12 шақырымнан астам кірме теміржол учаскесінде рельсшпалдық торлар толық төселді. Жолды қиыршық тастармен балласттау жұмыстары аяқталды. 4,3 млн м3 көлемде жер ойып алынды. Сондай-ақ, 400 мың тонна көлемде бут тасынан батыс қорғау молын салу жұмыстары атқарылды. 525 мың м3 топырақ көлемінде порттың кіреберіс каналы мен акваторияның түбін тереңдету жұмыстары аяқталды.
10 кВт сыртқы электрмен жабдықтау желілері салынды. Көтермелі-өтпелі көпір салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрық портының алғашқы іске қосу кешені нысандары ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
«Құрық портындағы паром кешені Транскаспий халықаралық көлік бағдарының көлік-логистикалық жүйесінің маңызды бөлімі болып табылады. Ол Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға қуатты серпін береді және «Жаңа Жібек жолы» жобасын жүзеге асыруға септігін тигізеді», - деді А. Мамин.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қазақстан экономикасының даму динамикасы -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары