Қазақстан және Ресей басшылары екіжақты ынтымақтастықты талқылады

25 Қараша, 2016 14:21
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективаларын талқылады.

Мемлекеттер басшылары сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

 

Барлық жаңалықтар