- Басты
- Жаңалықтар
- Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды – ҚР ДСӘДМ
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда кедейлік деңгейі 17 еседен астам азайды – ҚР ДСӘДМ
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде 2001-2015 жылдары кезеңінде табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен аз тұрғындардың үлесі 46,7%-дан 2,7%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш қазақстандықтардың өмір сүру сапасының және кедейлік деңгейінің азайғанының дәлелі.
2002 жылы әртүрлі объективті (жасы, уақытша еңбекке жарамсыздығы, денсаулығының жағдайы, жұмыстың жоқтығы және т.б.) себептермен өзінің тіршілік әрекеттерінде жағдай жасауда қиындықтарды бастан кешкен аз қамтылған отбасыларына атаулы әлеуметтік көмек қарастыратын «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған болатын.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың айтарлықтай үлесін балалар құрастыратыны ескеріліп, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, 2006 жылдың 1 қаңтарынан 18 жасқа дейiнгi балаларға ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы енгізілді. Нәтижесінде АӘК алушылардың саны 30,9 есе азайды (2002 жылы 1,18 млн. адамнан 2015 жылы 38,2 мың адамға дейін).
Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында, 1997 жылдан бері тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызмет төлемдері осы мақсаттарға кететін шекті шығындардан артқан отбасылары үшін тұрғын үй көмегі енгізілді. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тәртібі жергілікті өкілді органдармен белгіленеді.
Осы шаралардың барлығы жан басына шаққандағы шығыны шығындарыдың белгіленген мөлшерінен төмен отбасыларына әлеуметтік қолдаудың элементтері болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі заман жағдайын есепке ала отырып, қолданыстағы ең төмен әлеуметтік стандарттарды қайта қарау қажеттілігі туындап отыр, атаулы әлеуметтік көмекпен қолдауды күшейту, пассивті көмектен белсенді саясатқа өту, яғни өмірлік қиын жағдай туындаған кезден өту үшін еңбек белсенділігін ынталандыру.
Осыған байланысты, ұсынылатын әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту үшін, аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек көрсету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Өрлеу» жобасы 2014 жылдан бері іске асырылады. Ол атаулы көмек шартты нысанынан «өзара міндеттемелер» (әлеуметтік келісімшарт жүйесі) қағидаттарына өтуді қарастырады.
Жобаның іске асырылуы оған қатысушылардың орта есеппен жан басына шаққандағы табысын 2 есе жоғарылауына әсер етті, жұмыспен қамту шараларына 90% жуық еңбекке белсенді қатысушыларды жұмылдыру, жалпы мемлекет бойынша АӘК және 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақылар алушыларын қысқарту - 31,8% және 2,1% сәйкесінше.
Сонымен, кедейлікпен күресу бойынша тиісті шаралардың қабылдануы, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты өсуіне, жұмыспен қамтудың және халықтың табысының өсуі, кедейлік деңгейінің айтарлықтай қысқаруына алып келді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда