• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да жүгері өңдейтін жаңа кәсіпорын өнімнің 17 түрін шығаруды жоспарлап отыр

ОҚО-да жүгері өңдейтін жаңа кәсіпорын өнімнің 17 түрін шығаруды жоспарлап отыр

25 Қараша, 2016 18:34
ОҚО-да Тимур ауылдық округінде жүгері өңдеу кәсіпорны ашылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Жобаның жалпы құны 619 млн теңгені құрайды. Кешеннің жалпы ауданы 5,8 га жерді қамтиды. 10 тоннаны құрайтын кешенде 50 адам жұмыс істейді.

«Кешен ауданда жүгері кластерін дамыту үшін негіз болады. Шаруалар енді өз өнімін шығынсыз жинап, тиімді бағамен өткізе алатын болады. Сондай-ақ, келесі жылы астық көлемін арттыру мүмкіндігіне ие болады», - деді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты шара барысында.

Кәсіпорын жүгеріні толық өңдеуді көздейтінін және Иран мен Қытайға экспортты ретке келтіріп, өнімнің 17 түрін шығаруды жоспарлайтынын атап өту қажет. 

Барлық жаңалықтар