- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Сұлтанов: Бiздiң астанамызды құруда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор
Е. Сұлтанов: Бiздiң астанамызды құруда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор
Күн тәртiбiндегi маңызды мәселе партияның саяси кеңесiнiң 2015-2016 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы болды.
Ең алдымен, өз баяндамасында Ерiк Сұлтанов Парламент депутаттары қабылдаған ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына арналған Декларацияға қолдау бiлдiрдi.
Өңiр басшысы Қазақстан Президентi ең қиын кезеңде қабылдаған маңызды шешiмi елiмiздiң жаңа даму мен гүлдену кезеңiне есiк ашқанын атап өттi.
«Саяси және әлеуметтiк-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыру, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңын қабылдау, жоғары халықаралық беделге жету — Елбасының жоғары саяси ерiк-жiгерiнiң көрiнiсi екенi декларация мазмұнында нақтыланған.
Бастысы, декларацияда Елбасы басшылығымен құрылған тиiмдi демократиялық институттар — президенттiк институт, Парламент, сот жүйесi мен белсендi азаматтық қоғамның жоғары саяси қоғамдық мәнi айғақталған.
Мұның барлығы, экономиканың барлық саласының дамуын, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуын қамтамасыз етедi», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
Сонымен қатар, облыс әкiмi бұл жетiстiктердiң негiзi Елбасының бастамасымен салынған Астана қаласы екенiн жеткiздi.
«Астана барша халықтың мақтанышы. Бiздiң астанамызды құруда , сөзсiз Мемлекет басшысы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың рөлi зор. Бүгiнде Астана жаңа технологияларды, әлемдiк дипломатияны бiрiктiрген, маңызды халықаралық кездесулердi өткiзетiн орталыққа айналды. Келесi жылы бiздiң Елордада «ЭКСПО-2017» әлемдiк көрмесiн өткiзу мiндетi тұр», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
Бүгiнде Солтүстiк Қазақстан облыстық партия ұйымындағы 46 мың адам 389 алғашқы партиялық ұйымға бiрiктiрiлген. Партияның өңiрлiк филиалының төрағасының айтуынша, олардың көбiсi партияның сайлау алды жұмыстарында және партиялық жобаларында белсендi қатысады.
«Өңiрде экономика, әлеуметтiк, көлiк саласында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Үстiмiздегi жылы 170 мың шаршы метр тұрғын-үй тапсыру жоспарланған. Облыс аудандарында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жастарға арналған 6 жатақхана мен 5 жеке тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлiп жатыр. Петропавл қаласында салынып жатқан «Солнечный» ықшамауданында үстiмiздегi және келесi жылы 500-ден астам жер телiмдерi бөлiнедi. Халықты жұмыспен қамту саласында 15 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етiлдi. Бiлiм саласында 3-тен 6 жасқа дейiнгi балалардың 97%-ы мектепке дейiнгi бiлiммен және тәрбиемен қамтамасыз етiлген. Облыс орталығында 140 орынға шақталған балабақшаның құрылысы басталды, кезекте тағы 230 орынға шақталған 2 жобаның жүзеге асырылуы күтiлуде», — дедi Ерiк Сұлтанов.
Ол басты бағыттарының бiрi партиялық жобалардың жүзеге асырылуы екенiн атап өттi. Бұл ҰОС ардагерлерi мен тыл еңбеккерлерi, жалғызбасты қарт адамдар, мүмкiндiгi шектеулi жандар, жастар, жетiм балала р мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылардың мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Сондай-ақ, партиялықтар өңiрлiк партия филиалының 2015-2016 жылдарындағы жұмысы туралы iс-шара аясында бақылау-тексеру комиссиясының есебiн тыңдап, Саяси кеңес пен өңiрлiк партия филиалының бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлады.
Iс-шара барысында конференция делегаттары, түрлi салалардың өкiлдерi Декларацияның негiзгi аспектiлерiн бiрауызды қолдады.
Конференцияға Саяси кеңес бюросының мүшесi Анатолий Башмаков қатысты. Ол қатысушыларды Тәуелсiздiктiң 25 жылдығымен құттықтап, декларация жайында өз ойымен бөлiстi.
«Тәуелсiздiк туралы қабылданған декларация — аса маңызды тарихи құжат. Бұл құжаттың құрылымы мен саяси толықтылығы бойынша тарихи маңызы зор. Бұл құжаттың жолы 1991 жылы 29 тамызда Президент Семей ядролық полигонын жабу шешiмiн қабылдағаннан басталған болатын. Бұл бiздiң Тәуелсiздiгiмiздiң бастауына белгi болған. Қазiр бiзде 17 миллионнана астам халқымыз бар. Барлық табыстар — Нұрсұлтан Назарбаевтың азаматтық жауапкершiлiгiнiң қорытындысы.
Жиын соңында облыстық партиядық ұйымның дамуына қосқан үлесi үшiн 26 солтүстiкқазақстандық Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының төрағасының атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда