- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылады
Жамбыл облысында мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылады
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бірінші және екінші бесжылдығында жалпы құны 18211,7 млн теңгені құрайтын 3 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.
2015 жылы екінші бесжылдықта Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, ауданда жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300,0 мың тонна М-400, 500 маркалы цемент өндіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда 150 - 200 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде «Сулейменсай» карьерінің әктасы мен топырағы пайдаланылуда. Жалпы құрылыс жұмыстарының 100 пайызы жасалынып, монтаж қондырғылары қойылып, инфрақұрылымы жүргізілуде. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 160 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жіберілді.
Зауыттың Қаратау қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан карьерге электр желілерін жүргізу үшін 97,0 млн теңге және зауыттың инфрақұрылымын жүргізуге 1,2 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаттары облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық дамыту басқармасына тапсырылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң шешімін алды. Қазіргі таңда бөлінген 1,2 млрд теңгенің 400 млн теңгесіне және 97 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, ауданда 2016 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, жалпы құны 1946,0 млн тенгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілді. «Қаратау Про» ЖШС жылына 110,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу. Қазіргі таңда зауытқа Итальяндық құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Зауыт іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады.
-
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды