- Басты
- Жаңалықтар
- Дипломатиялық корпуспен ЭКСПО өткізу уақытындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды (ФОТО)
Дипломатиялық корпуспен ЭКСПО өткізу уақытындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды (ФОТО)
Күн тәртібінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысындағы аккредитация мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Негізгі атқарылған жұмыс қарқыны туралы ұлттық компания Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Шорманов тоқталып кетті. Сондай-ақ, ол іс-шараға дайындықтың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқандығын, әрі барлық сала бойынша жұмыстың күшейтілгендігін айтты.
«Көрмеге дайындық қарқынды жүріп жатыр. 31 қазаннан бастап халықаралық қатысушыларға павильондарды тапсыру рәсімін бастап кеттік. Көрмеге келушілердің қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылуда. Оны өз деңгейінде іске асыру үшін халықаралық тәжірибе, атап айтар болсақ, Шанхай, Йосу, Миландағы экспо көрмелерінің, сондай-ақ, Сочи мен Бакудағы спорттық жарыстарды өткізу тәжірибелері толық ескерілді», - деді Басқарма Төрағасының орынбасары Е.Шорманов.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап «Аккредитация» жүйесі іске қосылады. Сонымен қатар, «Call centre» жұмыс жасайды. Барлық нысандар бейнебақылау, өрт сөндіру мен күзет сигнализациясымен жабдықталған. Көрме қонақтарының ыңғайы үшін логистика жүйесі жасалды. Өрт сөндіру мен медициналық қызмет көрсету тәулік бойы жұмыс жасайды.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасындағы Египет Елшісі Хайзам Салах Ибрагим (Haitham Jakah Kamel) ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындыққа оң бағасын берді.
«Біз көрмеге қатысатындығымызды ресми растағаннан кейін ұлттық компаниямен бірлесе отырып, көптеген жұмыстар жасалды. Бұл ретте, көрменің жоғарғы деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесіне біздің елдің бірқатар компаниялары қатысатындығын растады».
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері