- Басты
- Жаңалықтар
- Голландиялық компаниялар Қазақстанның индустриялық жобаларына қатысуға шақырды (ФОТО)
Голландиялық компаниялар Қазақстанның индустриялық жобаларына қатысуға шақырды (ФОТО)
Іс-шараны Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстанның Нидерландыдағы елшілігі ұйымдастырды.
Қазақстанның Нидерландыдағы елшісі Мағжан Ілиясов кездесуге қатысушыларды тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерімен, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлімен, сондай-ақ Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ.
М. Ілиясов голландиялық компанияларды Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жобаларына және инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасына белсенді қатысуды шақырды. «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, сондай-ақ оның негізінде құрылатын Астана халықаралық қаржы орталығы аясында ынтымақтастықтың кең мүмкіндіктері атап өтілді.
Корольдік Индустриялық клубтың Орталық Азия және Кавказ елдерімен ынтымақтастық жөніндегі директоры Хелин Овер де Линден голландиялық кәсіпкерлердің Қазақстанмен экономикалық және сауда ынтымақтастығын дамытуға деген қызығушылығының өсіп келе жатқанын атап өтті.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның 25 жыл ішіндегі экономикалық және әлеуметтік даму қорытындыларын атап өтіп, өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін талқылады.
Анықтама үшін: Корольдік Индустриялық клуб 1913 жылы құрылған; Нидерландыдағы ең көне қоғамдық бірлестік болып табылады. Клубтың мақсаты – шет елдермен іскерлік байланысты дамыту, бизнесті жүргізуге жәрдемдесу және іскерлік қарым-қатынастарды реттеу.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
COVID-19: АҚШ толық вакцина алғандарды ғана елге кіргізбекші, ал ДДҰ ревакцинацияға уақытша мораторий жариялауға шақырды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді