- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысының шалғайда орналасқан 25 елді мекеніндегі тұрғындарға жылжымалы медициналық кешендер медициналық көмек көрсетпек
Алматы облысының шалғайда орналасқан 25 елді мекеніндегі тұрғындарға жылжымалы медициналық кешендер медициналық көмек көрсетпек
Акция шеңберінде Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінің алдына «Тәуелсіздікке 25 жыл», «25 жұлдызды шара» деген жазуы бар әдемі плакаттармен безендірілген 5 жылжымалы медициналық кешен арнайы әкелінді. Алғаш болып сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталып, мұндай алдын алу шараларының денсаулық сақтауда тигізер пайдасы зор екенін атап өтті.
«Кәсіби маманданған қызметкерлер жергілікті жерлерге шығып заманауи медициналық құралдарды қолдана отырып, жоғары кәсіби дәрігерлік көмек көрсетеді, сонымен қатар скрининг және басқа да арнайы тексерулер қолжетімді түрде жүргізілетін болады», - деді А. Байдувалиев.
Еске сала кетейік, бүгінде Алматы облысының 1 981 700 тұрғынына 826 медициналық мекеме қызмет көрсетеді. Оларда 4 732 дәрігер мен 13 564 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Денсаулық сақтау саласының 2016 жылғы бюджеті 81,2 млрд. теңгені құрайды. Биылғы жылдың 9 айы ішінде облыстық ауруханаларда 198 756 науқас емделіп шықты. Скринингтік тексерудің арқасында онкологиялық ауруларды ерте бастан анықтау 54,1% жетті.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді