- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да медкадрларды даярлау шетелдік медуниверситеттермен әріптестікке негізделеді - Дүйсенова
ҚР-да медкадрларды даярлау шетелдік медуниверситеттермен әріптестікке негізделеді - Дүйсенова
Рrimeminister.kz хабарлағандай, конференцияда сөз сөйлеген Тамара Дүйсенова медициналық білімнің ары қарай жетілдірілуі клиникалық тәжірибе, медициналық білім мен ғылыми қызметтің үшбірлігінің негізінде отандық медициналық ЖОО-ның әлеуетін нығайтуды қарастыратынын атап өтті.
Медициналық кадрларды дайындау саласында үздік халықаралық тәжірибені енгізу қазақстандық медицина университеттерінің шетелдік ЖОО-мен стратегиялық серіктестік негізінде жүзеге асырылады. Бұл ішкі және сыртқы нарықта отандық медициналық ЖОО-ның позицияларын нығайтуға, білім процесінің сапасын қамтамасыз етуге, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік қызметті дамытуға мүмкіндік береді.
«Стратегиялық әріптестіктің бірінші кезеңінде ағымдағы жылы әрбір медициналық ЖОО стратегиялық серіктестігін анықтап, келіссөздер жүргізді, меморандумдарға және келісімдерге қол қойды, ЖОО-ның қазіргі жағдайларының басым бағыттары бойынша стратегиялық серіктестермен бірлесе талдау жүргізген, жақсарту бойынша ұсыныстар берілген. Стратегиялық серіктестікті іске асыру бойынша негізгі шаралар 2017-2019 жылдарға белгіленген, соның ішінде, Дүниежүзілік даму банкі және ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі қоса қаржаландырған жоба аясында. Серіктестің негізгі нысаны консалтинг, менторлық, бірлесіп және сенiмгерлiк басқару болуы қажет» - деді Тамара Дүйсенова.
Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша), Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті және Лунд университеті (Швеция), Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті және Сент-Луис университеті (АҚШ), Астана медицина университеті және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылға жұмысын қорытындылады. 2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері талқыланды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
14 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Расул Жұмалы: Жер комиссиясы, латифундистер мен 10 сотық жер туралы -
Жердің шетелдіктерге сатылмауы мен жалға да берілмеуі – халық күтіп отырған ең басты мәселе. Сарапшылар пікірі -
Ауыт Мұқибек: Жер дауына қойылған нүкте – қазақ тарихына алтын әріппен жазылған шешім -
«Қазақ халқына көреген Ұлы көшбасшы бола білді»: Назарбаев хақында шетелдік сарапшылар пікірі -
Биыл Алматыда медициналық кадрларды даярлауға қаржы көбірек бөлінді -
Жолдау-2020: Шетелдік сарапшылар не дейді -
Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов
-
Журналистерді даярлау: салалық журналистика, кадр тапшылығы, журналистік этика мәселесі талқыланды -
Қ.Тоқаев: Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды -
Шетелдіктер Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін анықтаманы онлайн ала алады