- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасуда
Алматы және Кипр туристік сервис саласында тәжірибе алмасуда
Қала әкімдігінде хабарланғандай, тараптар сауда-экономикалық, мәдени- гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту және туризм саласында тәжірибе алмасу мәселелерін сөз етті.
«Алматыда 150-ге жуық сәулет, тарих, мәдени ескерткіштер бар. Қазақстанның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұрағатына енген сегіз нысанның төртеуі, соның ішінде Талхиз қаласы мен Тамғалы таңбасы бар қырлы тастар оңтүстік астана аймағында. Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 56 мемлекеттің азаматтары үшін визасыз режим кестесін одан әрі кеңейтеді. Бұдан өзге Алматыда Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтеді. Кипрдің туристік сервистен жиған тәжірибесі мол және бізге барынша қызық», - деді Б.Байбек.
Мегаполис басшысы екі жақты сауда-экономикалық байланыстың жоғары әлеуетін да атап өтті. Мысалы, 2016 жылғы қарашада қалада 44 біріккен және 147 кипрлік кәсіпорын тіркелген.
«Алматы ел экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл бизнес пен шикізатсыз жеке капитал қаласы. Мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60 кеңсесі, банк офистерінің 90%-дан астамы орналасқан. Инвесторларға қолдау көрсетудің кешенді шаралары жүзеге асуда», - деді қала басшысы.
Кипр Елшісі өз кезегінде табиғи ресурстар мен білім беру және басқа да салалар бойынша байланысты одан әрі нығайтуға ынталы екендерін айтты. Г.Касулидис тікелей әуе қатынасын ашудың уақыты келгенін де сөз етті, бұл екіжақты туристер легіне оң ықпал ететінін жеткізді. Ол өзінің сөзінде Алматының сұлу қала әрі табиғатының тым көркем екенін тамсана айтты. Ал бұл туристерге барынша тартымды.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы