- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарда жаңа технологиялар бойынша қызуы көп тозаңсыз көмір шығарылады
Павлодарда жаңа технологиялар бойынша қызуы көп тозаңсыз көмір шығарылады
Зауытта Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтар орнатылған. Бұл жабдықтарда жылуды кәдуілгі көмірге қарағанда 4-5 есе беретін және оны 8 сағатқа дейін сақтайтын көмірдің екі түрі шығарылады.
Жеке үйлердің қарапайым пештеріне арналған «Сотан» маркалы көмір 24 келілік қаптарға брикеттелген. Ал 3 келілік брикеттерге қапталған «Елтан» көмірі тек Оңтүстік Кореяда шығарылатын қазандықтарға арналған.
Айта кету керек, аймақ басшысы осындай 100 қазандықты ауылдық аймақтарда тұратын аз қамтылған отбасыларға беруді тапсырды.
«Убунту» ЖШС-ің құрылтайшыларының бірі Асанов Бауыржанның айтуынша зауыттың өнімі жеке үйлердің пештеріне ғана емес, өндірістік қазандықтардың пештеріне де жарайды. Қазіргі кездің өзінде зауыт иелері жергілікті кәсіпорынның бірімен брикеттелген көмірді сатып алу бойынша алдын ала келісімшарт жасасқан.
230 миллион теңге көлеміндегі жеке инвестицияларға салынған зауыт әр ауысым сайын 90 тонна брикеттелген көмір шығара алады. Кәсіпорындағы 18 жұмысшының орташа жалақысы 80 мың теңгені құрайды. "Убунту" ЖШС болашақта Оңтүстік Корея технологиясы бойынша қазандықтар шығаруды жоспарлап отыр.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары