БҚО-да жыл басынан бері 1239 жаңа ғимарат пайдалануға берілді

24 Қараша, 2016 08:52
Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 1239 жаңа ғимарат, оның ішінде 1157 тұрғын үй мақсатындағы нысан пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.

2016 жылғы қаңтар-қазанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 80,7 млрд.теңгені немесе 2015 жылдың қаңтар-қазан деңгейіне 109,1% құрады.

2016 жылғы қаңтар-қазанда 1239 жаңа ғимарат, оның ішінде 1157 тұрғын үй және 82 тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар пайдалануға берілді.

2016 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 17,0 млрд. теңге инвестиция бағытталған немесе 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 108,1%. 
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 210,0 мың шаршы метрді құрады, пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 2015 жылғы қаңтар-қазан деңгейіне 118,9% құрады.

2016 жылғы қаңтар-қазанда жұртшылық қаражаты есебінен 136,0 мың шаршы метр тұрғын үйлер, республикалық бюджет қаражаты есебінен - 36,7 мың шаршы метр жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйлер, кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен - 37,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үйлер пайдалануға берілді. 

Іске қосылған тұрғын үйлердің көбеюі Орал қаласында және Бөрлі, Жаңақала, Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандарында байқалады.

Барлық жаңалықтар