- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлыбританияның инвесторлары Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеуге 125 млн доллар салмақ
Ұлыбританияның инвесторлары Қызылорда облысында қара тақтатас өңдеуге 125 млн доллар салмақ
Комиссия отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды.
Нәтижесінде жобаның ІІ және ІІІ кезеңдерін 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды.
Аталмыш жобаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңы аясында, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген талаптарға сай келгенде инвестициялық преференциялар беру мүмкіндіктері қарастырылады.
Қазіргі уақытта құрылтайшысы «Ferro-Alloy Resources Limited» компаниясы болып табылатын «Фирма Балауса» ЖШС Шиелі ауданындағы Баласауысқандық кен орнында құрамында ваннадий бар кварцтарды өндіру және қайта өңдеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Бүгінде кәсіпорын құрылысында 150 адам жұмыс істейді. Ал зауыт пайдалануға берілген кезде 650 адам жұмыспен қамтылатын болады.
Өндіріске отандық ғалымдардың посткеңестік кеңістікте ғана емес, алыс шетелдерде де жоғары бағаланған жаңа зерттемелері енгізілді. Бұл жаңа технология бойынша 13 патент алынды.
Қазақстандық аммоний метаванадаты, «қызыл сүзінді», феррованадийдің алғашқы тонналары алынды. Аммоний метаванадатының алғашқы партиясы АҚШ, Тайвань және Ресейге жіберілді.
Үкіметаралық комиссия отырысы аясында ЕҚДБ Президенті Сума Чакрабартимен Қызылорда қаласының жылумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және құрылысын қаржыландыру, Қызылорда облысының электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізілді.
Сондай-ақ осы күні IPC компаниясы басшылығымен қуаттылығы 50 және 30 мВт екі газ турбиналық станцияның құрылысы мәселелері бойынша кездесу өтті.
Келіссөздер нәтижесінде IPC жобаны 100 пайыз қаржыландыруға және жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда