- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев және А.Гутерриш БҰҰ-ның келешегін талқылады
Қ.Тоқаев және А.Гутерриш БҰҰ-ның келешегін талқылады
Қ.Тоқаев португал саясаткерін БҰҰ басшысы лауазымына сайлануымен құттықтады және тәжірибелі дипломат, саясаткер әрі басқарушы ретінде оның Ұйымға қосымша серпін беретініне сенім білдірді, - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы А.Гутерриштің штаб-пәтері Женевада орналасқан БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымындағы тиімді қызметін атап өтті.
Қ.Тоқаевтың пікірінше, А.Гутерриш босқындар саны адам айтқысыз (60 миллионға дейін) ұлғаюына әкеліп соққан халықаралық дағдарыстар мен қақтығыстардың барлық қатеріне табысты түрде қарсы тұрды.
Қ.Тоқаев Қазақстан дипломатиясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесінің күрделі миссиясын абыроймен атқарады деп сенеді. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі біздің еліміздің қызметі бейбітшілікті қамтамасыз ету, орнықты даму және адам құқықтарын қорғау жолындағы осы жаһандық ұйымның әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
«Қазақстан террормен күрес, қақтығыстарды реттеу, орнықты дамуды қамтамсыз ету және қазіргі замандағы көптеген мәселелерді БҰҰ жүйесінің үйлесімді жұмысын және барлық мүше мемлекеттердің бірлескен күш-жігерін талап етеді. Сондықтан біздің еліміз БҰҰ-ның жаңа Бас Хатшысы А.Гутерриштің қызметін қолдайтын болады», - делінген хабарламада.
Бас Хатшысы лауазымына кірісер қарсаңында А.Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты мүше бес елдің астаналарына және Астанаға сапарлап отыр. «Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тағы бір жай тұрақты емес мүшесі болып қана қоймайтыны анық. Сіздің еліңіздің бітістірушілдік пен диалог орнатуда үлкен дәстүрі бар. Қазақстан халықаралық аренада ынтымақ көпірін орнатуда маңызды рөл атқарады. Бүгінде әлемдегі ірі елдерде, сондай-ақ, аймақтық державалар арасында бірі-біріне өзара сенімсіздік басым болып тұрған кезде, бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін ерекше мәнге ие», - деп атап өтті А.Гутерриш.
Жаңа сайланған Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының айтуынша, Қазақстан халықаралық шиеленісті азайтуда және қажетті шешімдерге қол жеткізуде көмектесе алады. А.Гутерриш Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен іс-қимылының негізгі бағыттары қарусыздану, лаңкестікке қарсы күрес, діндер арасындағы диалог, экономикалық даму, тағы басқа да мәселелер болуы тиіс деп санайды.
Сондықтан, Астанаға сапары аясында, жаңа Бас хатшы Қазақстанмен ынтымақтастықтың жұмыс алаңын құруға ниетті.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар