Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады

23 Қараша, 2016 16:57
2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысынан ЕАЭО елдеріне 274 млн долларға тауар экспорттады, деп хабарлады өңірдің статистика департаменті.

«2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте  Ақтөбе облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 601,6 млн АҚШ  долларын құрады, оның ішінде экспорт – 274 млн АҚШ  долларын, импорт 327,6 млн АҚШ  долларын құрады», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 91% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 18% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 15%, химиялық өнеркәсіп өнімдері 26% әкелінеді.

Барлық жаңалықтар