- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанға сапармен келуге шақырды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтады.
Кездесу барысында тараптар біздің республиканың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерриштің әлемде қалыптасқан қазіргі уақыттағы күрделі геосаяси жағдайда қызмет атқаруына тура келетінін айтты.
«Бас хатшы лауазымындағы ауқымды жұмысыңыз барысында Қазақстанның қолдауына толық сенім арта аруыңызға болады», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті еліміз бен БҰҰ арасында сенімді және сындарлы қарым-қатынас орнағанына тоқталып өтті.
А.Гутерриш БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымында қызмет атқарған кезінде көрсеткен ілтипаты үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, өзара тиімді іс-қимыл одан әрі жалғаса береді деп үміттенетінін жеткізді.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады