- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында 10,3 млрд теңге жария етілді
Ақмола облысында 10,3 млрд теңге жария етілді
Брифинг жұмысына Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Көкшетау қаласы әкімдігінің қызметкерлері, Ұлттық банктің Көкшетау қаласы бойынша филиалының, БАҚ өкілдері қатысты.
«2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан ақшалай қаражатты жария ету бойынша 5416-дан астам арнайы банк шоты ашылды. Осы шоттарға 2 207,7 млрд теңге салынды, соның ішінде Ақмола облысы бойынша 47 банк шоты ашылып, 10,3 млрд теңге жария етілді», – деді Ұлттық банктің Ақмола филиалының директоры Бектұрған Бозтериев.
Бұдан бөлек, Көкшетау қаласы бойынша 1 млрд 909 мың теңге сомасына 196 тұрғын үй нысаны, 650 тұрғын үй емес нысан, 176 коммерциялық нысан жария етілген.
Еске сала кетейік, мүлікті және ақшаны жария ету бойынша акция Қазақстанда 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін өткізіледі. Акцияға 31 банк және Ұлттық пошта операторы қатысады.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері