- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының ІІД Жергілікті полиция қызметі 83 жаңа автомобиль алды
Жамбыл облысының ІІД Жергілікті полиция қызметі 83 жаңа автомобиль алды
Алғаш болып Жамбыл облысының әкімі Кәрім Насбекұлы Көкрекбаев сөз сөйлеп, су жаңа арнайы қызметтік 83 автокөліктің кілтін тапсырды. Облыс әкімінің қолынан кілт алған полиция қызметкері өз кезегінде Қазақстан Республикасына қызмет етуге ант берді.
«Құрылғанына 10 айдан астам уақыт ішінде Жергілікті полиция қызметі өзінің міндеттерін тиісті деңгейде атқарып, облыстың криминогендік жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосуда.
Ағымдағы жылдың он айында облыста тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 11 пайызға төмендеді. Бүгін тапсырғалы отырған автокөліктер де қылмыспен күресу шараларын жетілдіруге өз үлесін қосатынына сенімдімін», - деді облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев.
Келесі кезекте сөз сөйлеген Ішкі істер департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Тлеген Советұлы Маткенов: «Бүгін жамбылдық полицейлер үшін ғана емес, барлық облыс тұрғындары үшін қуанышты жайт орын алды. Себебі, материалдық-техникалық базаның жақсаруы аймақ тұрғындарының мүддесі үшін қылмыспен күресуде қоғамға тиімдірек қызмет етуге септігін тигізеді. Жамбылдық полицейлердің сапалы қызмет атқаруы ісінде облыстық әкімдік баға жетпес көмек көрсетті әрі көрсетіп келеді де. Бүгінгі заманауи автокөліктердің табыс етіліуі – осының айқын бір дәлелі. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қолдау жасау мәселелеріне көңіл бөлгеніңіз үшін, Кәрім Насбекұлы, Сізге шынайы алғысымды білдіргім келеді – дей келе, облыс полицейлерінің қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық күш-жігерін салып еңбек етеді» - деп сөзін аяқтады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс