- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның инвестициялар тарту саласындағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінің ерекше қызығушылығын туғызды (ФОТО)
Қазақстанның инвестициялар тарту саласындағы тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінің ерекше қызығушылығын туғызды (ФОТО)
Бұл жыл сайынғы іс-шараның мақсаты – әлемдік қоғамның назарын еуразиялық континенттің жаһандық маңыздылығына аударту және Еуразия елдерінің ЭЫДҰ мемлекеттерімен нәтижелі ынтымақтастығы үшін жағдайлар жасау. Жыл сайын осы алаң негізгі елдердің жоғары өкілдерін бір үстелдің басына жинайды. Биылғы жылы ЭЫДҰ Еуразия аптасына Польшаның Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ұлттық мұра министрі П. Глинский, Қырғызстанның вице Премьер-Министрі О. Панкратов, Украина, Чехия, Монғолия және басқа елдердің министрлері қатысты.
Қазақстан Еуразия апталарына 2012 жылдан бері белсенді қатысып келеді. Биылғы жылы қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқарды. Оның құрамына ұлттық экономика; инвестициялар және даму; энергетика; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің; «Бәйтерек» холдингінің, «Астана-ЭКСПО 2017» компаниясының, Астана халықаралық қаржы орталығының және қазақстандық даму институттарының басшылары кірді.
Еуразия аптасының ашылу рәсімінде Қазақстанның Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қатысушыларға бейнеүндеу жолдады. Үкімет басшысы ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Министр Ерлан Ыдырысов ашылу рәсімінде және министрлік сессиясында сөз сөйлей отырып, еуразиялық кеңістіктегі орталық қатысушылардың бірі ретінде біздің еліміздің даму бағыттарын толық айтып берді.
Пікірталас барысында біздің еліміздің инвестициялар тарту және экономиканы әртараптандыру саласындағы тәжірибесі ерекше қызығушылық туғызды.
Еуразия аптасының ашылу рәсімінде сөз сөйлей отырып, ЭЫДҰ басшысы Қазақстанның Ұйыммен өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша едәуір нәтижелерге қол жеткізгенін атап өтті.
ЭЫДҰ Еуразия аптасы өз жұмысын 24 қарашаға дейін жалғастырады. Қазақстандық делегацияның мүшелері бизнес форумға және әр түрлі тақырыптық сессияларға қатысады.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген