- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда өткен бизнес форумда Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері байланыс орнатты
Алматыда өткен бизнес форумда Қазақстан мен Чехия кәсіпкерлері байланыс орнатты
Шара барысында тараптар екі жақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды, екі ел кәсіпкерлерінің өзара байланысын нығайтуды сөз етті.
Алматы әкімі қаланың чехиялықтармен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты күшейтуге ынталы екендігін жеткізді.
«Алматы еліміз экономикасының бес бөлігін құрайды, бұл - бизнес пен шикізатсыз экономиканың жеке капиталы қаласы. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, мұнда халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың 60-тан аса кеңсесі бар, банктер кеңселерінің 90%-ы да осында. Дүниежүзілік банктің «Doing Business» ретингінде Алматының көрсеткіші бойынша Қазақстан 35-орынды иеленді», - деді әкім.
Б.Байбек Чехия компанияларын импорт алмасуға қатысу үшін Алматыға шақырды.
«Бұл үшін бізде барлық қажетті жағдайлар жасалған, инвесторларға қолдау көрсету заң жүзінде жүзеге асады. Алматының арнайы экономикалық аймағындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мен Индустриялық аймаққа қатысу екіжақты тараптар байланысын күшейтеді», - деді ол.
Л.Заоралек арнайы делегацияның Қазақстанға ат басын бұруының өзі чехтық кәсіпкерлердің осында бизнес жасауға ынталы екендігін көрсетеді деді.
«Біздің еліміз нано-технологияда жетекші орында және бағдарламалар жасау саласы дамыған. Ғылыми-зерттеу саласында ынтымақтастықты арттыру маңызды», - деді Чехия Республикасының сыртқы істер министрі.
Шара барысында екі ел кәсіпкерлері форумның негізгі бөлімінен соң өткен В2В кездесуінде нақты келісушіліктерге қол жеткізді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары