- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында үш тілді білім беру бағдарламасы белсенді түрде енгізілуде
Ақмола облысында үш тілді білім беру бағдарламасы белсенді түрде енгізілуде
Мектеп бағдарламасымен қоса үш тілді білім беру бағдарламасы, сонымен қоса жасыл технологиялар жобасы белсенді түрде енгізілуде. Жобаны енгізу және жұмыс жасау үш тілде жүруде.
Оқушылар өз кезегінде тәжірибе мен қарым—қатынас жасауда үш тілді меңгеру жеңілдеу берілетінін айтты. Мысалы, «климаттық сандықша» сабағы жасыл технологиялар жобасына кіреді және сабақ барысында тәжірибе мен ағылшын тілін үйренуге өте үлкен көңіл беріледі.
«Бізде ауа тазартатын ионизаторлары бар балаларға арналған демалыс орны бар. Сабақтың басым бөлігін сол жерде оқытамыз. Болашақта алюминий консервісінен күннен қуат алатын ауа жылытқыш проектор жасағымыз келіп отыр. Газдалған су банкаларын жинаймыз, мотор арқылы оған жылы ауа жібереміз. Алюминий өте тез жылынатын металл болғандықтан жылу қосылмаған бөлмелерге, мысалы гараждар мен жылыжайларды жылытуға келеді. Өмірге осындай жобаларды енгізу барысында біз қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде сонымен қоса күнделікті өмірде де осы үш тілде сөйлесуге тырысамыз», - деді Вячеслав орта мектебінің 11 сынып оқушысы Александр Барткевич.
Никита Чаус өзінің «Тамшылап суару» жобам бүкіл Қазақстанға танымал екенін айтты.
«Менің «Тамшылап суару» жобам бүкіл Қазақстанға танымал және көптеген жерлерде қолданылады. Осы жобаның арқасыда мен еліміздің барлық аймақтарында болдым, және ағылшын тілін жетік меңгергенімнің арқасында өз жобамды таныстыруда қиыншылық болған жоқ. Жасыл технологиялар туралы жобалар бұл сонымен қоса бізді қосымша табысымыз. Болашақта С. Сейфуллин атындағы аграрлық колледжге оқуға түсіп өз болашағымды ауыл шаруашылығымен байланыстырғым келеді. Содан кейін туған ауылыма оралып жасыл экономикаға көшу концепциясын жүзеге асыру саласында жұмыс атқаруды жалғастырамын», - деп бөлісті ол.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында ағымдағы жылы 2000-ға жуық ұстаздар жаңа білім беру стандарттары бойынша қайта даярлау курстарынан өтті. Енді олар 2016 жылдан бастау алатын білім беру жүйесіне енгізілетін өзгерістерге дайын.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет