- Басты
- Жаңалықтар
- 2017 жылы өтетін Универсиадаға Чехия Республикасынан 127 делегат қатысады
2017 жылы өтетін Универсиадаға Чехия Республикасынан 127 делегат қатысады
Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Алматы әкімі Алматы мен Чехия арасындағы сауда байланысы үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде 76,3 млн. АҚШ долларына артқанын, мегаполисте біріккен 40 және чехтың капиталымен жұмыс істейтін 24 кәсіпорынның тіркелгендігін айтты.
Өзінің сөзінде Б.Байбек 2015 жылы Қазақстан әлемнің 35 елі үшін визасыз режимді енгізгенін, 2017 жылы оның 56 мемлекетке жететінін хабарлады.
«Алматы еліміздің барлық туристік қызметінің 60%-ын қамтамасыз етеді. Мұнда әлемдегі биік тау шатқалындағы «Медеу» мұз айдыны, маусымына 120 мың адам келетін «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты бар, әрбір екінші шетелдік турист Алматыға келеді. Өткен жылы Алматыда Чехияның 1,5 мың азаматы болды. Келер жылдың басында 28-ші Қысқы Универсиада өтеді, оған құрамында 127 адам бар Чехия делегациясы да қатысады, олардың 78 атлеттер», - деді Б.Байбек.
Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралек екі ел бизнесмендеренің түрлі салалар бойынша өзара байланыстарының артып келе жатқанын сөз етті.
«Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы қысқа мерзім ішінде Қазақстанның зор елеулі табыстарға жеткені таңдандырады. Мемлекеттің экономикалық және саяси жағынан тұрақты болуы бизнес үшін өте маңызды. Сондықтан біз сіздермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ынталымыз», - деді Л.Заоралек.
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Абай жылының айшықты тұстары -
Спорттық секция мен шығармашылық үйірме: Кімдер қатысады, қалай өтінім береді және олардың жұмысы қалай іске асады -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді -
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты -
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар