• Басты
  • Жаңалықтар
  • Энергетика министрлігі электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруды болжайды

Энергетика министрлігі электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруды болжайды

22 Қараша, 2016 12:34
Үкіметтің кезекті отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев электр энергетика мәселесіне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша баяндама жасады.

Тиісті заң жобасын таныстырған министр елімізде анықталған 4 580 шақырымнан астам иесіз жатқан электр желісі мәселесі шешіліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, 1300-ден аса трансформаторлық қосалқы станциясының бар екені белгілі болды. Олар энергия беруші ұйымдардың балансына қолайлы шарттар бойынша беріледі, деп хабарлады primeminister.kz.

Заңнамаға ұсынылған өзгерістер энергиямен жабдықтау сенімділігін арттыруға, өңірлерге электр энергия тарату шығынын азайтуға және тұтынушылар үшін электр энергия бағасын азайтуға мүмкіндік береді.    

Айта кетейік, өңірлік электр желілік компанияларды ірілендіру айтылғандай «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 51-қадамында көрсетілген.

Барлық жаңалықтар