- Басты
- Жаңалықтар
- ЖҚЖК: Павлодар облысында 2016 жылы 345 әлеуметтік нысан жөнделді
ЖҚЖК: Павлодар облысында 2016 жылы 345 әлеуметтік нысан жөнделді
2016 жылы Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» (бұдан әрі - «ЖҚЖК 2020») бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 350 жобаны іске асыру, оның ішінде 345 инфрақұрылымдық нысанның және 5 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған.
Жөнделетін ғимараттардың 91-і - білім беру, 40 – мәдениет, 34 – денсаулық сақтау нысандарын, 34 – көлік инфрақұрылымын, 23 – әлеуметтік қорғау, 21 – спорт нысандарын, 16 – коммуналдық – инженерлік инфрақұрылымын және 86-сі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қамтиды.
Бүгінгі күні барлық жобалар іске асырылуда, 2366 адам жұмысқа тұрды, олардың 1243-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері