Қызылордада облыстық патриоттық форум өтті

22 Қараша, 2016 15:38
Қызылордада «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Болашағымыз бірлікте» облыстық патриоттық форумы өткізілді.

«Мұз айдыны» спорт кешенінде өткен форум барысында облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов өз саласында үздік атанып, ел үшін еңбек етуді парыз санайтын жалынды жастарды "Кəсібінің үздігі",  "Саламатты спортшы", "Ұлағат", "Қажырлы қайрат ", "Жігерлі жас", "Патриот", "Бейбіт күннің батыры" номинациялары бойынша марапаттады.

Атап айту керек, шара аясында патриоттық форумының үндеуі қабылданған болатын.  

Форумға барлығы 2000-ға жуық Тәуелсіздік жылдарында аймағымыздың дамуына атсалысқан әр түрлі саланың үздіктері мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. 

Барлық жаңалықтар