- Басты
- Жаңалықтар
- А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелерімен танысты
А. Мамин Алматы агломерациясын дамыту мәселелерімен танысты
А. Мамин Gate City жобасы іске асырылып жатқан Алматы агломерациясының солтүстігіндегі спутник-қаланың құрылыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда Gate City спутник-қаласында сумен, электрмен, газбен қамту, жол инфрақұрылымы нысандары тұрғызылып, жылу желілерінің құрылысы жүргізілуде. 2017 жылы индустриалды аймақта алты жоба, сонымен қатар алғашқы тұрғын кешендері қолға алынады.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, сондай-ақ, «Солтүстік айналым - Бөкейханов» көлік түйінінің құрылысын тексеріп қайтты. Көлік түйінін 2017 жылғы желтоқсанда пайдалануға беру жоспарда бар. Перспективті өткізу қабілеті – тәулігіне 361 177 автокөлік.
Сапар барысында А. Мамин 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында «Алтын Орда» базары ауданындағы Алматы-Бішкек жолының учаскесіне қайта құру жұмыстарын бастауды тапсырды. Бұл учаске Алматыға кіріп/шығатын барынша көп пайдаланылатын жол. ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, сонымен қоса, келесі жылдың бірінші жартыжылдығында ұзындығы 66 км (6-8 жолақ) болатын Үлкен Алматы айналма автокөлік жолының құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жағдайында бастауды тапсырды.
Жұмыс сапары барысында А. Мамин Алматының Алатау ауданының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Индустриялық аймақта болды. Жалпы ауданы 490 га болатын индустриялық аймақ алты өндірістік секторға бөлінген. Бұл азық-түлік, машина құрастыру, құрылыс, фармацевтика, химия және жеңіл өнеркәсіп. Индустриялық аймақ аумағында А. Мамин «BRB APK» ЖШС жылу кешенінің жұмысымен танысты. Жылыжайдан тәулігіне 20 тоннаға дейін көкөніс жиналады.
Бұдан кейін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қаланың Әуезов ауданында орналасқан «Достық» метро станциясының құрылыс барысын қадағалады. Жаңа станция Абай даңғылын бойлай, жүргін бөлік астында Момышұлы көшесінен батысқа қарай тұрғызылатын болады.
Екі жаңа станция 2020 жылға қарата іске қосылады деп жоспарланған.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Алматы қ. әкімдігінде Алматы агломерациясын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
А. Мамин Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы агломерациясын дамыту мәселесіне ерекше назар аударатынын айтып өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады