- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «25 жұлдызды күн» ауқымды акциясы өтуде
Қазақстанда «25 жұлдызды күн» ауқымды акциясы өтуде
Қазақстанда «25 жұлдызды күн» ауқымды акциясы өтуде
Қазақстанның барлық облыстарында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау басталды, барлық жерлерде «25 жұлдызды күн» акциясы бастау алды.
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы бастау алды.
Жұлдызды 25 күннің бірінші күні - «Қазақстан Республикасының Конституциясы» деп аталып, Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты таныстырылымдық көрме кешенінің ашылуымен басталды.
Шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша оңтүстікқазақстандықтарды Тәуелсіздік тойымен құттықтап, еліміздің жеткен жетістіктері мен Ата Заңның мән-мағынасына тоқталды.
Петропавл қаласында «Ұлы Дала елi — Тәуелсiздiктiң 25 негiзi» атты 25 жұлдызды күн шарасы салтанатты түрде басталды. Ауқымды республикалық акция Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай ұйымдастырылған.
Iс-шараны ашқан жастар флешмобы мерейтойлық «25» санын құрады. Онда Назарбаев интеллектуалды мектебiнiң 500-ге тарта оқушысы қатысты.
Салтанатты түрде мемлекеттiк әнұран орындалған соң, өңiр басшысы Ерiк Сұлтанов құттықтау сөз сөйледi. Облыс әкiмi жалпыхалықтық мерекенiң мәнi мен маңызына тоқталды.
Мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, ұлы мереке — Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы жалпыхалықтық деңгейде мерекеленуде.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады