• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық конференция өтуде

Астанада Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық конференция өтуде

21 Қараша, 2016 16:31
Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ЮНИСЕФ-тің 70 жылдығына арналған «Балаға мейірлі Қазақстан» атты халықаралық конференция басталды.

Іс-шара ҚР Парламенті Мәжілісінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігінің, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің қолдауымен өтуде.

«Шетелдік қонақтарымызға - Швейцария, Ұлыбритания, Норвегия, Ирландия, Германия, Словения, Италия, Хорватия, Ресей, Белорусь, Әзірбайжан, Латвия, Литвадан келген халықаралық сарапшыларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Конференция тұрақты және құрылымдық сұхбат үшін тұғырнамаға айналады деп ойлаймыз», - деді конференцияға қатысушыларға ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Халықаралық іс-шараға 30 елден 1300-ден астам қатысушы қатысуда. Осы ретте, балалардың құқықтарын қорғауда оң тәжірибесі бар және өздерінің үздік практикаларымен бөлісуге дайын елдерге баса назар аударылды. 

Барлық жаңалықтар