- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Судьялардың әдеп кодексi қабылданды
Қазақстанда Судьялардың әдеп кодексi қабылданды
Жаңа кодекс «Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып дайындалған. Әдеп кодексі судьялардың тәуелсіздігін, объективтілігін, адалдығы мен теңдігін, әдеп нормаларын сақтауын, құзыреттілігі мен ұқыптылығын одан әрі арттыра түседі деп көзделген.
Кодекс Еуропа Кеңесінің венециандық комиссиясының мақұлдауынан өттi. Оның мәтіні Жоғарғы Соттың порталында орналастырылып, талқыға ұсынылған болатын. Ақпан айында жоба Жоғарғы Сот жанындағы Халықаралық кеңес отырысында қаралып, қолдау тапты.
Съезде айтылғандай, күнделікті жұмыста Жоғарғы Сот және ҚР Судьялар одағы судьялардың мінез-құлық әдеп қағидасын ұстануына көп көңіл бөледі. Барлық облыстарда судьялардың әдебі бойынша комиссиялар белсенді жұмыс атқаруда, судья лауазымдарына кадрларды іріктеуге қоғам өкілдері тартылады. Басшы лауазымға тағайындау кезінде үміткердің моральдық-әдеп қасиеттеріне үлкен көңіл бөлінеді.+
Кодексте белгіленген қағидаттар мен қағидалар атқарып отырған лауазымына қарамастан барлық судьялар үшін, сондай-ақ орындарынан түскен судьялар үшін де міндетті болып табылады.
Айта кетейiк, судьялар әдебінің бірінші кодексі 1996 жылы өткен бірінші съезде қабылданған болатын. Ол барлығы 7 баптан тұрды және судья әдебiнiң көптеген аспектілерін қамтыған жоқ. Нәтижесінде судьялардың үшінші съезінде кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Қазіргі қолданыстағы кодекс бесінші съезде 2009 жылы қабылданған.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Қазақстан Конституциясы қалай қабылданды