- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қалған реформалардың сәттілігі заң үстемдігіне байланысты
Н.Назарбаев: Қалған реформалардың сәттілігі заң үстемдігіне байланысты
«Біз қалған төрт реформаның сәттілігі оған тәуелді болатын заң үстемдігі сияқты негізгі бағыт бойынша Ұлт жоспарының іске асырылуын жіберіп алмауымыз қажет», - деп мәлімдеді Президент.
Мемлекет басшысы атап өткендей, соттар мен құқық қорғау органдары алдында қойылған міндеттерден, 100 қадамның ішінен 19-ы соттарға қатысты, бүгінгі күні оның 13 қадамы ғана орындалған, қалғаны соңына дейін орындалмаған.
Президенттің айтуы бойынша, Ұлт жоспарының толық іске асырылуы ел азаматтарының соттар мен құқық қорғау органдарының қызметін бағалауын түбегейлі жақсартуға әкелуі тиіс, осы баға қоғамның судьялардың жұмысына және жауапкершілік шараларына сенімі дәрежесін анықтайтын болады. «Ұлттық сот жүйесінің көзделген міндеттерін шешуге ерекше рөл бөлінеді. Қоғам қазақстандық заң бұлжытпай орындалатынын, ал соттар заңдылық пен әділдікті қорғайтынын білуі тиіс», - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде. Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысуда. Оған 600-ден астам делегат пен форум қонақтары қатысуда. Еске сала кетейік, тәуелсіздік жылдары ішінде алты съезд өткен. Съездердің сот жүйесін дамыту үшін ерекше стратегиялық маңызы бар. Олардың әрқайсысында өзекті міндеттер бойынша шешімдер қабылданады.
Индира Қауметова
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы