- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Кез келген сот реформасының мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі
Н.Назарбаев: Кез келген сот реформасының мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі
«Заң бұзылған жағдайда адам сотқа барып, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғай алуы тиіс. Кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі. Демек, кез келген сот реформасының түпкі мақсаты – тәуелсіз, тұрақты сот билігі», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Ұлт жоспарында: бірінші – заманауи мемлекет және қызмет, екінші – заңның үстемдігі; үшінші – мемлекетіміздің біртұтастығы мен тұрақтылығы, төртінші – халыққа есеп беретін ашық үкімет қамтылғанын білесіздер. Халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметке тұрақты әрі әділ адамдар таңдалған», - деп қосты Н. Назарбаев.
Еске сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтуде. Съезд жұмысына судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, БАҚ және ҮЕҰ өкілдері қатысуда.
Съезд жұмысы басталар алдында Мемлекет басшысына электрондық әділет жетістіктері, сондай-ақ Қазақстандағы сот билігінің қалыптасу тарихы туралы көрме таныстырылды. Ресми ашылуынан кейін қатысушыларға сот жүйесінің жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.
Сурет Бауыржан Жуасбаев
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары