- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да жыл басынан бері 682 пәтер пайдалануға берілген
СҚО-да жыл басынан бері 682 пәтер пайдалануға берілген
Ағымдағы жылғы қаңтар-қазан аралығында Солтүстік Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысына 10 388,4 млн теңге бағытталған.
Ағымдағы жылы облыстың тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі өскен. 2016 жылғы қаңтар-қазан аралығында тұрғын үй құрылысына 10 388,4 млн теңге немесе 2015 жылдың қаңтар-қазан кезеңімен салыстырғанда 197,1% бағытталған.
Облыста жыл басынан бері жалпы ауданы 84 482 шаршы метр 682 пәтер пайдалануға берілген, бұл 2015 жылдың қаңтар-қазан кезеңімен салыстырғанда 115,5% құрайды. Тұрғын үйдің едәуір үлесі (68%) халық қаражаты есебінен енгізілген. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 6 674 шаршы метр 75 пәтер пайдалануға берілген, сондай-ақ «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жалпы ауданы 19 599 шаршы метр 220 пәтер тапсырылған.
Осы ретте, ауылды жерлерде 10 ай ішінде жалпы ауданы 31 987 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілген.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті