Мемлекет басшысы ҚР судьяларының VII съезіне қатысады

21 Қараша, 2016 08:52
Бүгін Астанада Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен судьялардың VII съезі өтеді.

Съезд судьялар қауымдастығының басты форумы болып табылады. Оның жұмысына 700-ге жуық делегат пен съезд қонақтары қатысады.

Форум алаңында Ұлт жоспарын орындау бойынша сот жүйесі жұмысының қорытындыларын жасау жоспарлануда. Сондай-ақ, сот құрылысы мен сот ісін жүргізуді одан әрі дамыту, жетілдіру басымдықтары қаралатын болады. Съездің басты сұрақтарының бірі жаңа Судьялар этикасы кодексін қабылдау болып табылады.

«Кодекстің жаңа жобасында судьяның кәсіптік қызметтегі, қоғамдағы, отбасындағы және тұрмыстағы тәртібінің этикалық нормаларын регламенттейтін нормалар мен ережелер қаралған. Судьялар этикасы кодексінің негізгі қағидаттары тәуелсізділік, әділдік, адалдық және тұрақтылық, этикалық нормаларды сақтау, теңдік, біліктілік және ынталылық болып табылады», - деді ҚР Судьялар одағының төрағасы Мұсабек Әлімбеков ОКҚ өткен брифинг барысында.

Барлық жаңалықтар