- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның 55 азаматы отан алдындағы борышын өтеуге аттанды (ФОТО)
ОҚО-ның 55 азаматы отан алдындағы борышын өтеуге аттанды (ФОТО)
Оңтүстік Қазақстан облысының 55 азаматы еліміздің құрлықтық әскер бөлімшелеріне қысқа мерзімді отан алдындағы борышын өтеуге аттанды.
Аталған шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев қатысып, ертеңгі сарбаздарға қырағылық пен сәттілік тіледі.
«Биылдың өзінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында 2,5 мыңнан астам оңтүстік азаматтары бар. Әр адам отанын сүюді өзінен бастаса ғана нәтиже шығады, яғни еліміз дамып, жер көркейеді. Міне сол үшін де әр адам өз деңгейінде еліміздің өркендеп өсуіне, гүлденуіне, тыныш әрі бейбіт өмір сүруіне үлес қосатынына сенімдімін. Жас сарбаздарға елді қорғауда табыс тілеймін», - деді облыс басшысы.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойының қарсаңында, жас буын отан алдында мемлекетіміздің тұтастығы мен тыныштығын және егемендігін сақтау үшін әскери борышын өтемек.
Салтанатты шара барысында сарбаздар әскери көрнекі қойылым көрсетіп, арнайы киімдер мен техникалардың көрсетілімін ұйымдастырды. Ал, жаттығу кешенінде әскери-патриоттық клубтар мен үйірмелердің түлектері БМП-2,Т-2 құрлық әскерлері жауынгерлік техникаларының стимуляторында өз күштерін сынап көрді.
Естеріңізге салсақ, күзгі әскерге шақыру науқаны 1 қазаннан басталды. Жыл сайын Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті әскери басқармалары ҚР Қарулы күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға 4 мыңнан астам адамды отан алдындағы борышын өтеуге жібереді. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып саналады.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Ұлы Отан соғысы ардагерлерiн әлеуметтiк қолдау шаралары