- Басты
- Жаңалықтар
- Әзірбайжанның кәсіпкерлері ОҚО экономикасына инвестициялауға ниет білдіруде
Әзірбайжанның кәсіпкерлері ОҚО экономикасына инвестициялауға ниет білдіруде
Сондай-ақ, аталған топ құрамында Қазақстандағы Әзірбайжанның ішкі істер министрлігі өкілі Насими Шикаров пен әзірбайжандық кәсіпкерлер одағының төрағасы Гюндуз Маммадли болды.
Экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесуде аймақ басшысы Оңтүстікке арнайы ат басын бұрған қадірменді қонақтарға алғысын білдіріп, әзірбайжандық инвесторлардың қатысуымен болып жатқан және болашақтағы бірлескен жобалар жайын таныстырды. Сондай-ақ, жиында облыстың ауыл шаруашылық саласымен қатар, кәсіпкерлік, туризм бағытындағы жоспарлары мен жетістіктері туралы әңгіме өрбіді.
«Түбі бір түркі тілдес елдердің бірі - әзірбайжан халқы мен қазақ елі тарихы біте қайнасып, тереңде жатқан бауырлас ұлттар. Сондықтан, қос мемлекеттің кез келген сала бойынша қоян-қолтық араласып, жұмыс істеуі заңды. Әзірбайжандық кәсіпкерлердің бастамасымен қолға алынған өңіріміздегі бірқатар өндіріс орындарының болуы осы туысқандық қатынастың жемісі деп білем. Әрі бұл игі байланыстың одан әрі нығайып, жалғасатынына сенімім кәміл», - деді Ж.Түймебаев.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап арнайы жұмыс тобын құрып, нақты ұсыныстар мен жобалар бағытында іске кірісетін болып келісті.
Сонымен бірге, әкім елші мырзаға облыс орталығы - Шымкент қаласы мен Әзірбайжанның бір шаһарын «бауырлас қалаларға» айналдыру ұсынысын жеткізді. Бұл ұсынысты құп көрген Р.Маммадаров осы идея негізінде жұмыс істеуге дайындығын мәлімдеді.
Жалпы, 2016 жылдың 9 айлық көрсеткіші бойынша Қазақстан мен Әзірбайжан елдерінің арасындағы тауар айналымы 112,1 млн. АҚШ долларын құраса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,4 пайызға көп. Ал Оңтүстік өңірде Әзірбайжандық инвесторлардың қатысуымен жұмсақ және кеңселік жиһаздар жобалары жұмыс істейді. Бұл кәсіпке салынған инвестиция көлемі 3,8 млрд теңгені құрайды.
-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі -
Мәдениет және спорт саласындағы өзгерістер: Биыл қандай шаралар өтеді -
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева -
SAILAU TALKS 2021: «Жаңа партиялардың пайда болуы - саяси мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді»
-
Шымкент шаһарының дамуы: Қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 54,3%-ға артқан -
Мәдениет министрі әлеуметтік желіде дінді насихаттайтын «жұлдыздарға» қатысты пікір білдірді -
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мектептен басталады -
Тағы да локдаун енгізілсе, Қазақстан кәсіпкерлерінің көбі банкротқа ұшырайды – А. Мырзахметов -
Қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды -
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Карантин шаралары ел экономикасына қалай әсер етті