- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда онкологиялық қызмет жоспарлы дамып келеді – шетелдік сарапшылар
Қазақстанда онкологиялық қызмет жоспарлы дамып келеді – шетелдік сарапшылар
Шетелдік сарапшылар Астана және Алматы қалаларындағы онкологиялық орталықтарға, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтына, Алматы қаласы №1 емханасының паллиативті көмек орталығына, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне, Республикалық жоғарғы медициналық колледжіне барды.
Сонымен қатар ДДҰ және МАГАТЭ делегациясы обыр сырқаттанушылығының көрсеткіштерін зерттеп, ҚР онкологиялық қызметін дамыту бойынша алда тұрған міндеттіріне және жетістіктеріне, ұлттық басымдылықтарына шолу жүргізді.
Тамара Дүйсеновамен кездесу барысында сарапшылар, Қазақстандағы онкологиялық қызмет жоспарлы дамып жатқанын атап өтті, сонымен қатар ҚР-да обыр сырқаттанушылығына скрининг жүргізуді күшейту бойынша ұсыныстар берді.
Кездесу соңында Тамара Дүйсенова сарапшыларға жүргізілген жұмыстары үшін алғыс білдірді және онкологиялық сырқаттанушылықпен күресте ДДҰ және МАГАТЭ-нің тәжірибесін қолдануға дайын екенін жеткізді.
Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы қызмет ұйымдарында 347 онкологиялық кабинет және 18 онкодиспансер жұмыс жасайтынын естеріңізге сала кетейік. Онкологиялық кабинеттердің жұмысы қатерсіз және қатерлі ісікке шалдыққан пациенттерді ерте диагностикалау және сауықтыруда негізгі орын алады. Онкологиялық ауруларға шалдыққан пациенттердің канцер-регистрі жүргізіледі
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары