- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Бозымбаев БҰҰ конференциясында ҚР-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін атап өтті
Қ.Бозымбаев БҰҰ конференциясында ҚР-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін атап өтті
Өз сөзінде Министр тұрақты даму мақсаттарына жетудегі ҚР прогресін атап өтті және БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарын жасыл экономикаға көшуге шақырды.
«Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында ұсынылған біздің үшінші бастамамыз - Астанада БҰҰ аясында Жасыл технологиялар мен инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықты іске қосу. Осыған орай бастамамызды қолдайды деп сенеміз. Орталық «жасыл» өсудің қағидаттары мен стандарттарын ілгерілету алаңына айналады»,- деп Қ. Бозымбаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халықаралық бастамаларының бірімен бөлісті.
Сондай-ақ конференция аясында Қ. Бозымбаев Сауд Арабиясы корольдігі, Түркия және Украина министрлерімен екі жақты кездесулер өткізді.
Сауд Арабия корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид аль-Фалихпен кездесу барысында мұнай-газ секторының басым бағыттарында өзара тиімді ынтымақтастық келешегі, мұнай және газ өндіру, мұнай өнімдерін өндіру, шикізатты қайта өңдеу, жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялар тарту, сондай-ақ төмен көміртекті даму және парниктік газдардың шығарындыларын азайту саласындағы ынтымақтастық талқыланды.
Жаңартылатын энергетиканы дамыту, екі елдің экономикасын төмен көміртекті дамыту мәселелері Түркияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрімен кездесу кезінде де талқыланды. Министр М.Озхасеки 2030 жылға қарай электр энергиясын генерациялаудағы жаңартылатын энергетиканы 50%-ға жеткізетіндігін атап өтті. Сондай-ақ ол БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы Тараптарының конференциясын 2020 жылы Анталияда өткізуге берген Түркияның өтінімін қолдауды сұрайды.
Украинаның экология және табиғат қоры министрі Остап Михайлович Семеракпен өткен кездесу де жемісті болды. Оның барысында парниктік газдардың шығарындыларын азайту және төмен көміртекті даму салаларында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Парниктік газдар шығарындыларын квоталау және сату бойынша тәжірибе алмасуға Украина тарапы қызығушылық білдірді. Қазақстан Республикасында тәжірибе алмасу бойынша бірлескен семинарлар өткізу жөнінде келісті.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері